05 Қаң 2022
Страницы "Комсомол жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Әкімшілік

Ингербаева Сауле Сундетовна

 

Ингербаева Сауле Сундетовна, 1972 жылы 01 қыркүйекте Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген.


1979-1988 жылдары Шалқар қаласындағы №39 орта мектебінде білім алды.

1988-1991 жылдар аралығында Ақтөбе қаласында  медициналық училищесінде білім алды.

2000 жылы Ақтөбе қаласында Ақтөбе педагогикалық институтында  биология және химия мамандығына оқуға түсңп, 2005 жылы тәмамдаған.

Қызмет жолын 2003  жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол орта мектебінен  биология пәні мұғалімі болып бастады.

2005 жылдан бастап мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін қатар атқарып келеді.

2006 жылдан бастап химия пәнінен қазіргі уақытқа дейін сабақ беріп келеді.

Химия пәні бойынша педагог-сарапшы санаттағы ұстаз. Еңбек өтілі -17 жыл

 

Баймурзинова Зинагуль Базаровна

 

Баймурзинова Зинагуль Базаровна,  1966 жылы  тамыз айының 22 күні Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылында дүниеге келген.

1973-1983 жылдар аралығында  Әйтеке би ауданы Комсомол ауылында  Комсомол орта мектебінде білім алды.

1983 жылы Ақтөбе қаласы Ақтөбе педагогикалық институтына«физика және математика» мамандығын жоғары оқу орнына  түсіп, 1988 жылы  тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы Комсомол орта мектебінде физика және математика мұғалімі болып бастаған.

1989 - 1994 жылдары  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды

1994-2004 жылдары оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған

2004 жылдан осы уақытқа дейін физика және математика пәнінен сабақ береді.

2020 жылдан бастап Комсомол жалпы білім беретін мектебінде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.


 

Жаңалыктар