20 Қырқ 2022
Страницы "Комсомол жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Іс-шаралар

06 - желтоқсан күні кітапхана залында “Тарихтағы тұлғалар рөлі” атты 8 - 11 сынып оқушылары арасында мектепішілік конференция өтті. Мақсаты: ХІХ - ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихынан ойып орын алатын танымал тұлғалар бейнесін оқушылар ішінде насихаттау, жас зерттеушілер тобын қалыптастыру, болашақ оқуына септігі тиер конференция форматына бейімдеу. Конференцияға 8 сынып оқушылары Ф.Көлмырза мен А.Алиева, 9 сыныптан Р.Бақи мен А.Сансызбай, 10 сынып бойынша Ж.Қуандық пен К.Апухтина, 11 сыныптан Н. Серикбай қатысып, сөйлеу мәдениеті мен ақпаратты жеткізу шеберліктерін ортаға салды.
В рамках недели гуманитарного цикла в школе проходила школьная конференция на тему “Роль личности в истории”. Учащиеся 8 - 11 классов исследовали личности XIX - XX в.в. Так , заслушали доклады учащихся 8 кл Ф. Көлмырза и А. Алиева, 9 кл Р. Бақи и А. Сансызбай, 10 кл Ж. Қуандық и К. Апухтина, 11 кл Н. Серикбай. Участники свои исследования обосновывали дополнительным материалом : фотографиями, архивным материалом и т.д

Сегодня 10 декабря, учащиеся 1 класса Комсомольской ОСШ посетили библиотеку "Первый класс - в библиотеке первый раз" С большим интересом первоклассники рассматривали новые книжки для чтения с большим буквами. Первоклассникам очень понравилось путешествие в библиотеку. Познакомили с правилами пользования книгой.

Комсомол ЖОББ мектебінде 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай мектеп кітапханашылары Ирзина Г. Ж. мен Сейтмаганбетова Д.Ж. көрме ұйымдастырды.



Комсомол ЖОББМ 11.12 күні «Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітапханашылардың ұйымдастыруымен 16 - желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні мерекесіне орай 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің куәгері, ҚР журналистер одағының мүшесі, журналист, Әйтеке би ауданының құрметті азаматы Егенберлі Әбдіраев пен жергілікті қаламгер, ҚР журналистер одағының мүшесі, бірнеше өлкетану кітаптарының авторы, аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің бас редакторы Геннадий Стручковпен “Cыр сұхбат” ұйымдастырылды.
Сөздің әлқиссасын Геннадий Николаевич алып, өзінің балалық шағы туралы, журналистік жолға қалай түскені жөнінде әсерлі баяндап берді. Егенберлі ағай болса, Ырғыз топырағында өткен дегдар бозбалалық шағын еске түсіріп, арман қуып Алматыға қалай барғанын, 1986 жылғы көтеріліс алаңында әскерилерге ұсталып, 3 ай тергеу мен тексеруден әрең дегенде босап, елге қайтқанын, туған жерінде партиядан шығарып, қой бағып өмір сүруге тура келгенін күні кеше болғандай тебірене айтып шықты. Сұхбаттың келесі кезеңі сұрақ - жауапқа ұласып, қатысушы оқушылар мен мұғалімдер тарапынан қызықты да ойлы сауалдар қойылып, тұщымды жауап алынды. Кітапхана ұжымы құрметті қонақтарға жылы лебізі мен шағын сый-сияпаттарын ұсынған еді. Шара соңында, Геннадий Николаевич 2024 жылы тұсауы кесілген «Отқа оранған Ауғанстан» кітабын кітапхана қорына сыйға тартты. Қатысқандар саны - 25 адам.
В рамках проекта «Детская библиотека» 12 декабря в Комсомольской ОСШ состоялась встреча с главным редактором «Жаңалық жаршысы», автором нескольких изданий об истории нашего края Стручковым Г. Н. и журналистом, участником декабрьских событий Әбдіраевым Е. В ходе плодотворной беседы гости говорили об истории своей жизни, деятельности, поделились опытом с подрастающим поколением. Дети остались под глубоким впечатлением, узнав о ходе декабрьских событий, задавали ряд интересующихся вопросов. Также, Г. Н. Стручков презентовал новое издание «Опаленные Афганистаном» и подарил несколько экземпляров нашей школьной библиотеке. Выражаем благодарность и желаем дальнейших успехов в работе.

 

13 - желтоқсан күні, Кітапханашылар Ирзина Г. Ж., Сейтмаганбетова Д мектеп оқушыларына үзіліс уақытында “Мықты болсаң, тауып көр” атты логикалық, сәйкестендіру танымдық сергіту ойынын өткізді. Мақсаты: желтоқсан боздақтарын, қаншалықты білетіндігі, қала - облыс атауларын, мемлекеттік рәміздерді жатқа білуін үгіттеу. Білім алушылар шапшаңдықпен, қызығушылықпен берілген тапсырманы лезде орындады. Тапсырмалардың барлығы дұрыс орындалды

“Оқуға құштар мектеп”, “Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Мен оқыған кітапты сен де оқы!” Әдеби эстафетаға Комсомол ЖОББМ 8 - 11сынып білім алушылары қатысты.
Мақсаты: Оқушылар арасындағы кітап оқуға деген құштарлығын арттыра отырып, рухани - адамгершілік және зияткерлік қасиеттерін дамыту. Оқу сауаттылығын қалыптастыру және жетілдіру. Кітапты насихаттау.
В рамках проекта “Читающая школа”, “Балалар кітапханасы“ с целью реализации проекта, учащиеся старшего звена Комсомольской ОСШ приняли участие в челлендже . «Мен оқыған кітапты сен де оқы».


Во время осенних каникул в рамках проекта “Читающая школа” учащиеся 5 - 7 классов Комсомольской ОСШ приняли активное участие в проекте под дивизом “На осенних каникулах читаем и запоминаем!” Дети прочитали много книг, это сказки и рассказы.



15 ноября 2024 года Комсомол ЖОББ мектебінде “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай көрме ұйымдастырылды.



16 ноября 2024 года состоялось торжественное открытие долгожданной новой школы. Разделить эту радость с подарками и поздравлениями приходят выпускники разных лет, в том числе почетные гости. В рамках проекта «Кітап - ғұмырлық байлық» наш односельчанин Стручков Геннадий Николаевич принял участие в акции «Подари книгу школьной библиотеке» и пополнил фонд школьной библиотеки (в размере 30 экземпляров.) Книги, подаренные школе, были выставлены на книжной выставке.




В Комсомольской ОСШ в рамках проекта “Читающая школа” был проведен челлендж “Сказки моей бабушки”.
Комсомол ЖОББ мектебінде “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Әжемнің ертегісі” челленджін ұйымдастырды



2024 жылы Қараша айының 21 күні Комсомол ЖОББМ мектебінің кітапханасында “Жошы ханның туғанына 800 жыл” толуына орай 8 ”а” сыныбында Тарих пәнінің ұстазы Жалмуханбетов Алпамыс “Жошы хан - Жошы ұлысы” тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Мақсаты: Қазақ тарихында халқымыздың ұлт болып қалыптасуының негізі саналатын Жошы ұлысының тарихымен таныстыру.



1 сынып оқушылары "Кітапхана" еліне саяхат жасады. Саяхат барысында балалар кітапхана дегеніміз не екенін біліп кітапханада өзін ұстау мәнері ережесімен танысты. Өздерінің сүйікті кейіпкерлері жайлы қызықты кітаптар мен балаларға арналған журналдар топтамаларын қызыға тамашалады. Қызықтырған сұрақтары на жауап алып өз ойларымен бөлісті.


В Комсомольской ОСШ В рамках проекта «Читающая школа» в 4 «В» классе проводилось “5 минутное чтение книг” на уроках.

«Оқуға құштар мектеп «жобасы аясында 24.09 күні Комсомол ЖОББМ 4 "а" сынып білім алушылары аудандық кітапханада кітапханашының ұйымдастыруымен өткен сыныптан тыс іс шараға қатысып, Абай Құнанбаевтың туындыларын оқыды.
Оқушылардың Абай атамызды оқи отырып рухани сезімдері оянып, намыс оты маздай түскендей.

 

«Қарттар - асыл қазынам» атты кітап көрмесі.

 

Балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл болды. Қазан айының 16 жұлдызы күні, Тоғжан Мұхидуллақызы жетекшілік еткен 5 а сынып оқушылары, “Балалар кітапханасы” аясында, әдеби сазды кеш өткізді. Шараның тақырыбы: “Балалық шаққа саяхат”
Бұл сыныптан тыс мерекелік шараның басты мақсаты: Бердібек Соқпақпаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітапқа деген қызығушылығын дамыту. Тәртіптілікке, адамгершілікке, көркем шығармаға қызығушылығын ояту. Шара ауқымды түрде өтіп, көрермен мұғалім мен ұстаздардың көңілінен шығып, жоғары бағаланды. Сол кейіпкер көзімен Қожаны, Жанарды, директор ағайды көре білді. Кеш өз мәресіне жетіп, сыныптың барлығы тәтті сыйлықтармен марапатталды.

25 октября на День Республики «Мәнгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» Посещение 4 б класса в районную библиотеку в честь праздника.


Литературный час, посвященный 125 - летию Мухтара Ауәзова в рамках плана по реализации "Читающая школа" Цель: Раскрыть многогранный талант классика казахской литературы, выдающегося художника, ученого, педагога М. Ауәзова. #читающаяшкола


Выпущен видеоролик "Книга из моей домашней библиотеки " учащиеся 4"а"кл. Кл.руководитель Блисова Р.К.


"Любите книгу-источник знания,только знание спасительно,только оно может сделать нас духовно сильными" 
(М.Горький)
Проведен - 20 минутное чтение во 2"б"классе


Лучший сын Великой Степи.

5 сентября исполнилось ровно 150 лет со дня рождения самого признанного народного просветителя, выдающегося политического, общественного и государственного деятеля, талантливого ученого -лингвиста, поэта-сатирика и блестящего публициста ХХ века Ахмета Байтурсинова.


Первое посещение библиотеки 1 класса.

Знакомство " С книжным домом".

Цель: дать представление детям о библиотеке,о правилах, которые приняты для читателей,посещающих библиотеку.
Воспитывать любовь и бережное отношение к книгам. Знакомство с тематическими полками,книжными выставками.

#читащаяшкола

Жаңалыктар