2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы (бұдан әрі – Акция) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Акцияның ұраны: *Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.* Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы - 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.
*Ауданымыздың әрбір азаматын халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік және шынайы қамқорлық танытуға шақырамыз.
19 Тамыз 2022
Страницы KZ "Комсомол жалпы білім беретін орта мектебі " КММ
Мектепке жол
Жаңалыктар