2021 жылдың қараша айының 22-ші жұлдызында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына» орай аудандық Кәсіподақ ұйымының демеушілігімен ұйымдастырылған «Үздік тарих пәні мұғалімі-2021» байқауының аудандық кезеңі өтті. Аталған айтулы шараға мектебімізден тарих пәнінің мұғалімдері бой көрсетіп, Ефремова Галина Владимировна "ең үздік үштікке" ілініп 2-ші орынды еншілесе , Азбергенова Дана Булаткызы белсене қатысқаны үшін "Алғыс хатпен" марапатталды! Аудандық Кәсіподақ ұйымының төрағасы Бекетов Зейнел Өтеұлы байқау жеңімпаздардын құттықтап, сый-сыяпаттарын табыс етіп, ұстаздарға ыстық лебізін білдірді!
Мектеп ұжымы сіздерді құттықтай отыра, шығармашылық табыс тілейді! Алар асуларыңыз көп болғай!