Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім бөлімінің және аудандық балалар саз мектебінің ұйымдастыруымен 2 желтоқсан күні "Әнім сенсің туған жер" атты патриоттық әндер байқауы өтті. Мақсаты жас ұрпақты қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу және патриоттық шығармалардың отандық авторларына қолдау көрсету, ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу, қазақстандық ән туындыларының бәсекелестік әлеуетін арттыру болып табылады. Комсомол ЖОББ мектебінің оқушысы Мереке А алғыс хат алды және Басова Н 3-ші орынға ие болды.
Құттықтаймыз!