18 Желт 2020
Страницы "Комсомол жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Мектеп туралы

«Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Кыдырбаева Дина Алийевна

Қабылдау кестесі:  Жұма  9.00-12.00, 14.00-18.00

Жұмыс  телефонының номері: 8 (7139)22-2-48

Қысқаша өмірбаяны:

Кыдырбаева  Дина Алийевна 1977 жылы  04- қазан күні Ақтөбе облысы  Әйтеке би ауданы Комсомол селосында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін  ағылшын тілі пәні бойынша бітірген.

2000 жылы – Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

2013 жылы – Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.

Марапатталуы:

-2015 жыл – Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы  «Құрмет грамотасы»

-2016 жыл – Ақтөбе облысының білім басқармасының «Құрмет грамотасы»

-2017 жыл - Ақтөбе облысының білім басқармасының «Құрмет грамотасы»

-2018 жыл – Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Алғыс хат»

-2020 жыл - Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Алғыс хат»

 

Баймурзинова Зинагуль Базаровна – оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жұмыс  телефонының номері - 8 (7139)21-7-96

Қабылдау кестесі: дүйсенбі 8.00- 18.00

Аскарова Гулмира Капановна – Мектеп медбике

Мұғалімдер саны: 41

Оқушылар саны: 246

Асхананың болуы: жоқ

Арнайы кабинеттер: жоқ

Спортзал: жоқ

Үйірмелер:  сурет өнері, волейбол (қыздар, ұлдар), футбол, ұлттық ойындар, шахмат,  хоккей,

Мектеп тарихы

«Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі» КММ- сі

Ең алғашқы мектептің іргетасы 1957 жылы қаланды.7 жылдық білім беретін мектебі негізінде құрылды. Мектеп тарихындағы алғашқы директор Наубетьяров Аглепес Наубетьярович болды, ол 1957 жылдан 1958 жылдың тамызына дейін жұмыс істеді. Бірінші мұғалім-первоцелинница Антонина Васильевна Федорова.

Мектеп мәртебесі:

1957-1961 ж. ж. - жеті жылдық мектеп

1962-1984 ж. ж. - орта мектеп. 1976 жылы мектеп жаңа ғимаратқа көшті.

1985 - 1992 ж. ж. - мектептің бөлінуі толық емес мектеп (8 жасар, 1961 жылы салынған ғимаратта оқыған) және орта мектеп

1993 жылдан-орыс тілінде оқытатын орта мектеп. Аталған жылдан 2012 жылға дейін мектеп директоры қызметін В.Ф.Галуцкий атқарды. 2013 жылдан бастап мектеп директоры Кыдырбаева Дина Алийевна. Қазіргі уақытқа дейін орыс тілінде білім беретін жалпы  орта мектеп мәртебесіне ие.

Мектептің міндеті: оқушы, мұғалім, ата-ана ынтымақтастығы негізінде оқушы ақыл-ойын жетілдіре отырып, білім алуына жағдай жасау.Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың сапасын арттыру.

Мектептің өзекті мәселесі: Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, инновациялық әдіс-тәсілдержі қолдау арқылы, білім сапасын арттыра отырып заман талабына сай бәсекеге қабілетті дарынды жеке тұғалны тәрбиелеу.

Мектептің бәсекеге қабілеттілігінің артықшылығы:

-Педагогикалық құрамының жоғары  кәсіби деңгейі;

-Түлектердің ЖОО-на түсуі -100%

-ЖОО-мен, НЗМ, ПШО-мен тығыз байланысы;

-Тәрбие жұмысының қалыптасқан жүйелігі;

-Қосымша білім берудің көп жоспарлы жүйесі;

-Ерекше білім алатын оқушыларға көмек, демеу беру;

-Оқушылардың аудандық, облыстық олимпиадалар мен сайыстарда белсене қатысуы, жүлделі орындар;

- Мұғалім мен оқушылардың жаңашыл, сараптау, зерттеу, жұмыстарына қатысуы;

Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінің марапатталуы:

2009 жыл – «Ата Заң – әділеттің кепілі» конкурсында І орын, Диплом

2010 жыл -  ІІІ аудандық Жол  қозғалысы Жас испекторлар слеті  І орын, Грамота

2011 жыл – Аудандық «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» фестивалі, Диплом

2011 жыл – Бүкіл әлемдік жол оқиғасы салдарынан қаза тапқандарды еске алу, «Алғыс хат»

2012 жыл – «Мен, Сен және Ол-Біз Салауатты ЕЛ!» фестивалі, Диплом

2012 жыл – Облыс бойынша «Ең үздік мектеп» және 1 000 000 ақшалай сыйлық

2013 жыл – «Ғажайып мүсіндер» байқауы, Диплом

2013 жыл – 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілген спартакиада, Грамота

2015 жыл – Аудандық пәндік олимпиада І орын, Диплом

2015 жыл – Облыстық білім бөлімінен «Алғыс хат»

2018 жыл –Аудандық пәндік олимпиада ІІІ орын, Диплом

2018 жыл – «Сенсорлы Үйшік» облыстық байқау «Алғыс хат»

 

 

 

 

Жаңалыктар