10 Желт 2024
Біртұтас тәрбие

«Отбасы - тәрбиенің алтын бесігі» челленджі

Қыркүйек айында ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы жобасы аясында «Отбасы - тәрбиенің алтын бесігі» челленджі түсіріліп, әлеуметтік желіге салынды. Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыстары жоспар бойынша орындалуда.

Комсомол ЖОББМ ата - аналар және мұғалімдерге арналған “БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ” тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс барысында қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі - оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігінің алдын алу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар ата - аналар жиналысында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жоспарланған шаралар айтылды.

 

 

Жаңалыктар